Казахские загадки

Казахские загадки

44
 Қүнгейлі қара тасқа бітем, Шаруа қуған басқа бітем.
9Қой9
Бетегелі белге бітем, Найза ұстаған ерге бітем.
9Жылқы9
Жалмаң құлақты сорға бітем, Ел ішіндегі зорға бітем.
9Түйе9
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама.
9Кітап9
Көзіңе көрінбейді, Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады, Жол бойын сыпырады.
9Жел9
Қол созсаң, ақ күміс Алақаңға толады.
Ашып-жұмсаң, із-түссіз Лезде жоқ болады?
9Қар9
Жылт-жылт етеді, Жылғадан етеді.
9Су9
Аяқтарым қалтылдап, Қос тай міндім жалтылдақ..
Шапса, жұбын жазбайды, Бір-бірінен озбайды.
9Коньки9
Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын, Тауып көрші, сен оны.
9Аққала9
Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар.
9Ешкі9
Көкке шаншып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім?
9Құлыншақ9
Тілі бар, үні жоқ, Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ, Сөйлеп тұрған ішінең.
9Кітап9
Үй үстінде алтын тас, Алайын десем табылмас.
9Жұлдыз9
Қимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер.
9Қол9
Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады.
9Аяз9
Шықпайды үйден, Тоны -— жібектен. Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды. Аңға барады, Сол аңды үйден табады.
9Мысық9
Басы — тарақ, арты — орақ.
9Қораз9
Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім.
9Шалбар9
Тұрса, үйдей, Жатса, қояндай.
9Ертоқым9
Айдалада ақ отау, Аузы-мұрны жоқ отау.
9Жұмыртқа9
Ақ түсті, Көк түсті, От түсті, Тот түсті- Төрт түсті жер үсті.
9қыс, көктем, жаз, күз9
Кесе, шыны, пиала – Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді?
9ыдыс9
Шыр көбелек айналар, Беліне жіп байланар.
9ұршық9
Кіруге адам батпайды, Затыңды аман сақтайды.
9Сандық9
Жүз мүйізібар, Үстінде киізі бар.
9Киіз үй9
Даусы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра. Ол не?....
9домбра9
Елқорғайтын ерліке Әуенімен шақырған.
Батылдыққа, елдікке Әуенімен шақырған.
9дабыл9

Дополнительная информация