Без рубрики

Казахские загадки

 Қүнгейлі қара тасқа бітем, Шаруа қуған басқа бітем.
9-8212020Қой9-8212020Бетегелі белге бітем, Найза ұстаған ерге бітем.

9-8212020Жылқы9-8212020

Жалмаң құлақты сорға бітем, Ел ішіндегі зорға бітем.

9-8212020Түйе9-8212020

Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама.

9-8212020Кітап9-8212020

Көзіңе көрінбейді, Қаңғуға ерінбейді.Шалғынды жапырады, Жол бойын сыпырады.

9-8212020Жел9-8212020

Қол созсаң, ақ күміс Алақаңға толады.Ашып-жұмсаң, із-түссіз Лезде жоқ болады?

9-8212020Қар9-8212020

Жылт-жылт етеді, Жылғадан етеді.

9-8212020Су9-8212020

Аяқтарым қалтылдап, Қос тай міндім жалтылдақ..Шапса, жұбын жазбайды, Бір-бірінен озбайды.

9-8212020Коньки9-8212020

Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы.Қыста қардан туатын, Тауып көрші, сен оны.

9-8212020Аққала9-8212020

Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар,Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар.

9-8212020Ешкі9-8212020

Көкке шаншып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім?

9-8212020Құлыншақ9-8212020

Тілі бар, үні жоқ, Өзін адам түсінген.Жүрегі бар да, қаны жоқ, Сөйлеп тұрған ішінең.

9-8212020Кітап9-8212020

Үй үстінде алтын тас, Алайын десем табылмас.
9-8212020Жұлдыз9-8212020Қимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер.

9-8212020Қол9-8212020

Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады.

9-8212020Аяз9-8212020

Шықпайды үйден, Тоны -— жібектен. Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады, Сол аңды үйден табады.
9-8212020Мысық9-8212020Басы — тарақ, арты — орақ.

9-8212020Қораз9-8212020

Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім.

9-8212020Шалбар9-8212020

Тұрса, үйдей, Жатса, қояндай.

9-8212020Ертоқым9-8212020

Айдалада ақ отау, Аузы-мұрны жоқ отау.

9-8212020Жұмыртқа9-8212020

Ақ түсті, Көк түсті, От түсті, Тот түсті- Төрт түсті жер үсті.

9-8212020қыс, көктем, жаз, күз9-8212020

Кесе, шыны, пиала – Оларсыз шай құяма?Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді?

9-8212020ыдыс9-8212020

Шыр көбелек айналар, Беліне жіп байланар.

9-8212020ұршық9-8212020

Кіруге адам батпайды, Затыңды аман сақтайды.

9-8212020Сандық9-8212020

Жүз мүйізібар, Үстінде киізі бар.

9-8212020Киіз үй9-8212020

Даусы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп. Құлағын он бұра. Ол не?….
9-8212020домбра9-8212020Елқорғайтын ерліке Әуенімен шақырған.Батылдыққа, елдікке Әуенімен шақырған.

9-8212020дабыл9-8212020

Комментарии к записи Казахские загадки отключены