Казахские загадки с ответами
Қүнгейлі қара тасқа бітем, Шаруа қуған басқа бітем.
ҚойБетегелі белге бітем, Найза ұстаған ерге бітем.
Жылқы
Жалмаң құлақты сорға бітем, Ел ішіндегі зорға бітем.
Түйе
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама.
Кітап
Көзіңе көрінбейді, Қаңғуға ерінбейді.Шалғынды жапырады, Жол бойын сыпырады.
Жел
Қол созсаң, ақ күміс Алақаңға толады.Ашып-жұмсаң, із-түссіз Лезде жоқ болады?
Қар
Жылт-жылт етеді, Жылғадан етеді.
Су
Аяқтарым қалтылдап, Қос тай міндім жалтылдақ..Шапса, жұбын жазбайды, Бір-бірінен озбайды.
Коньки
Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы.Қыста қардан туатын, Тауып көрші, сен оны.
Аққала
Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар,Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар.
Ешкі
Көкке шаншып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім?
Құлыншақ
Тілі бар, үні жоқ, Өзін адам түсінген.Жүрегі бар да, қаны жоқ, Сөйлеп тұрған ішінең.
Кітап
Үй үстінде алтын тас, Алайын десем табылмас.
ЖұлдызҚимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер.
Қол
Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады.
Аяз
Шықпайды үйден, Тоны -— жібектен. Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады, Сол аңды үйден табады.
МысықБасы — тарақ, арты — орақ.
Қораз
Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім.
Шалбар
Тұрса, үйдей, Жатса, қояндай.
Ертоқым
Айдалада ақ отау, Аузы-мұрны жоқ отау.
Жұмыртқа
Ақ түсті, Көк түсті, От түсті, Тот түсті- Төрт түсті жер үсті.
қыс, көктем, жаз, күз
Кесе, шыны, пиала – Оларсыз шай құяма?Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді?
ыдыс
Шыр көбелек айналар, Беліне жіп байланар.
ұршық
Кіруге адам батпайды, Затыңды аман сақтайды.
Сандық
Жүз мүйізібар, Үстінде киізі бар.
Киіз үй
Даусы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп. Құлағын он бұра. Ол не?….
домбраЕлқорғайтын ерліке Әуенімен шақырған.Батылдыққа, елдікке Әуенімен шақырған.
дабыл